ҚЫЗЫЛОРДАДА АТТРАКЦИОНДАР ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТТАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АТТРАКЦИОНДАР ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТТАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

11.04.2025 18:48:42 1511

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Funky Town» ойын-сауықсаябағында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Департамент қызметкерлері және «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облыстық филиалының өкілдері «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ негізгі талаптары айтып берді. Атап айтқанда, жергілікті әкімдікте аттракционды тіркеу, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру.

Әкімдікте аттракциондарды тіркеу сәтінен бастап белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді.

Параметрлері пайдалану құжаттамасында белгіленген мәндерден асатын ауа райы нашар болған жағдайда аттракциондарды пайдалану тоқтатылады.

Бұдан басқа, мамандар ҚР СТ талаптарына сәйкес аттракциондар қауіпсіздігінің жай-күйіне аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін меншік нысанына қарамастан пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы жауапты екендігін түсіндірді. Олар қауіпсіздік бойынша қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22486?lang=kk