КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.04.2025 18:48:43 1725

МИИД Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен  Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының өкілдері бірлесе отырып,  Петропавл қ., ЖК Омурзакова Динарамен  техникалық реттеу саласындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.,

ЖК 2017 жылдан бастап жұмыс жасайды, «Dancing Clothes» көркем гимнастикаға арналған балалар спорттық купальниктер тігумен айналысады. Кәсіпорында 4 адам жұмыс жасайды, жеке тапсырыстар бойынша эскиздерді және тапсырыс берушінің талаптарын пайдалана отырып, жұмыс істейді.

ЖК үнемі байқаулар мен көрмелерге қатысады. Ағымдағы жылы ЖК Омурзакова Динара өзінің өнімін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынды.

Түсіндіру жұмысы ЖК өтінішімен  КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентін түсіндіру мақсатымен ұйымдастырылады. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22487?lang=kk