МЕТРОЛОГТАР КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

МЕТРОЛОГТАР КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

11.04.2025 19:07:51 1519

Бүгін Астанада Дүниежүзілік метрология күніне орай «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбына арналған халықаралық семинар өтті.

Семинарды «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан метрология институты» РМК ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік органдардың, Халықаралық және өңірлік метрологиялық ұйымдардың: Халықаралық заңнамалық метрология бюросының, Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жыл сайын Метрология жөніндегі халықаралық ұйымдар Дүниежүзілік метрология күнін мерекелеудің тақырыбы мен ұранын жариялайды. Ағымдағы жылы басты назарда – көлік саласын дамытудағы өлшеулердің рөлі болып табылады.

Ұлттық метрологиялық мекемелердің өкілдері қатысушыларды экономика салаларының кез келген деңгейдегі және күрделі қажеттіліктері, атап айтқанда сутек отынына арналған бактар, электромобильдер немесе жаңа буынды жылу үнемдеуші жолаушы ұшақтары сияқты инновациялар үшін жаңа өлшеу технологияларын жасау және сенімділікті растау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Көлікке арналған ең қажетті өлшеулердің қатарына теңіз жүк көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүк контейнерлерінің жылдам өлшеулері кірді. Сондай-ақ қазіргі таңда қоршаған ортаны ластау деңгейін бақылауды іске асыру кезінде қолданылатын пайдаланылған газдардың химиялық құрамын сенімді өлшеу өте маңызды болып табылады.

Аталған  семинар қоғамның кең ауқымының экономика салаларын дамытуда метрологияның маңызды рөліне назар аударуға және метрологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ саланың жетекші метрологтарын кәсіби жетістіктері үшін ынталандыруға мүмкіндік берді.

Семинар аясында «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» қазақстандық байқаудың қорытындылары жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25380?lang=kk