«KENTAU SMART HUB»ЖИ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНДА БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
11.04.2025 19:47:08 2115Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Кентау қаласында «Kentau Smart Hub» Жасанды Интеллект мектебі ашылған болатын.
Кентау ЖИ мектебінің оқушылары Шымкент қаласында өткен «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді.
Сайысқа Алматы, Түркістан, Тараз, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ең үздік командалар қатысып, Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.
Бұл жеңіс — оқушылардың қажырлы еңбегінің, ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/972568?lang=kk