Сот шешімі — жай ғана сөз емес!
11.04.2025 21:32:13 1761Маңғыстауда пробацияда тұрған екі сотталғанға қоғамдық жұмыстан жалтарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі жазадан жалтаруға тырысқан екі сотталғанға қатысты заң аясында нақты шаралар қабылдады.
Бірінші сотталған ҚР ҚК-нің 190-бабы — «Алаяқтық» бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі — 7 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен ол қоғамдық жұмысқа тартылғанымен, белгіленген міндеттерін орындамаған.
Екінші сотталғанға да қоғамдық жұмыс ретінде 100 сағат жазалау шарасы белгіленген. Алайда ол да қоғамдық жұмыстардан жалтарған.
Осыған байланысты пробация қызметі екі азаматтың да әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы — «Сот үкімін орындаудан жалтару» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеп, іс материалдарын сотқа жолдады.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметі сот шешімін орындамау — жаңа жауапкершілікке алып келетінін ескертеді. Пробация — мүмкіндік, бірақ ол міндеттемелерді орындау арқылы ғана мәнге ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/972984?lang=kk