Конституциялық Сот ақшалай өндіріп алу туралы норманы қайта тексеруден бас тартты

Конституциялық Сот ақшалай өндіріп алу туралы норманы қайта тексеруден бас тартты

11.04.2025 23:27:44 1541

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті. Норма әкімшілік іске қатысушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды көздейді, оларды бұзғаны үшін сот 20 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы.

Конституциялық Сот бұған дейін ӘРПК-нің 127-бабы тоғызыншы бөлігінің және 171-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексергенін және тексеру нәтижелері бойынша 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 40-НҚ нормативтік қаулысын қабылдағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот өтініш берушіге төменгі сатыдағы сот шығарған ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымға апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін екенін түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/973331?lang=kk