Беу, қыздар-ай!: «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа премьера

Беу, қыздар-ай!: «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа премьера

11.04.2025 23:27:46 1621

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 10-11 сәуір күндері Бикен Римова  атындағы  Талдықорған  драма театрында Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясының Премьерасын көруге шақырамыз!

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған қойылым көптің көңілінен шығары сөзсіз!

Қойылымның қоюшы режиссері – Ержан Қауланов, қоюшы-суретші – Дінназ Қыдырқожа, Костюм суретшісі – Аяжан Тоқай, Композитор – Арнай Азанбай.

«Беу, қыздар-ай» – қазақ музыкалық комедиясының алтын қорынан орын алған жауһар туынды.  Бұл шығарма шынайы сезім, әзіл-қалжың мен әсем әуендер арқылы көрерменді еңбек адамының әлеміне жетелейді.

Жастардың арман-қиялы, махаббат хикаяларымен көркем өрілген қойылым, еңбек пен өнердің үйлесімін паш етеді. Өміршең туынды биыл қайта жаңғырып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылмақ.

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/973364?lang=kk