Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен сұхбат
11.04.2025 23:27:49 1766Судьялық кәсіптің беделін арттыру және сот жүйесіне білікті кадрларды тартуға бағытталған жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Сот төрелігі академиясының магистранттарымен сұхбат жүргізді.
Жас заңгерлер Академиядағы оқу тәжірибесі туралы айтып, судья мамандығын таңдаудағы ойларымен бөлісті және білім беру бағдарламасының мазмұны мен оқудан кейін ашылатын мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сұхбат Сот төрелігі академиясында білім беру процесінің қалай құрылып жатқандығы, болашақ судьяларды не шабыттандыратыны және неге олар осы кәсіби жолды таңдайтыны туралы түсінік берді.
Магистранттардың жауаптары жаңа буынның құқықтық жүйені дамытуға және сот билігі институтын нығайтуға деген қызығушылығын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/973398?lang=kk