«Береке» және «Қонай» шағын аудандарындағы тұрғын үй жобаларының іске асу барысы туралы
12.04.2025 01:07:26 1579Бүгін құрылысшылардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Береке» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны тексерілді. Қазіргі уақытта қалада жалпы 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 12-сі – «Береке» шағын ауданында, ал қалған 10-ы – «Қонай» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйлердің барлығын 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Береке» ықшамауданының құрылысы 2027 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жоспар аясында барлық қажетті инфрақұрылым нысандары да қарастырылған.
Мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, бекітілген кестеден ауытқымау және келісімшарт міндеттемелерін мүлтіксіз орындау тапсырылды. Сонымен қатар, барлық құрылыс алаңдарында санитарлық талаптарды сақтау, құрылыс техникасының дөңгелектерін жууға арналған алаңдар орнату міндеттелді. Санитарлық тазарту шаралары шеңберінде құрылыс алаңдарында тәртіп орнатып, 23 сәуірге дейін қоқыс пен құрылыс қалдықтарын толықтай шығару жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/973791?lang=kk