«Киелі Шығыс» конкурсының бірінші кезеңінің қорытындысы

«Киелі Шығыс» конкурсының бірінші кезеңінің қорытындысы

12.04.2025 03:18:43 1775

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық рухы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында алғашқы рет «Киелі Шығыс» конкурсын өткізді.

         Конкурстың бірінші кезеңі – 2025 жылдың 2 сәуірі күні «Шығыс Дарыны» сайтында онлайн-платформада өтті.

         Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің       7-8 сыныптарының 6144 оқушысы қатысты.

         Қатысушылар өңірлік компоненттерге байланысты «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндерінен тест тапсырмаларын орындады.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүлдегерлер 2025 жылдың маусым айында жоспарланған екінші кезеңнің оқу-танымдық турына қатысатын болады.

Бағдарлама аясында:

  • Экскурсиялар;
  • Туризм негіздері бойынша шеберлік сабақтар мен оқу-тәжірибелік жаттығулар;
  • Жаяу жорықтар;
  • Спорттық ойындар;
  • Тимбилдинг өткізіледі.

Сонымен қатар, қатысушыларды танымдық және қызықты саяхат, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру шаралары күтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/974264?lang=kk