2017 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ӨЛШЕМ ҚҰРАЛЫ АНЫҚТАЛДЫ
12.04.2025 07:33:29 1761Метрология қауымдастығы жыл сайын 20 мамырда атап өтетін Дүниежүзілік метрология күні қарсаңында Қазақстанда «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» конкурсының қорытындысы жарияланды.
Аталған байқау 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оны Қазақстан метрология институты өлшем құралдарының отандық өндірушілерін қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырды.
Комиссия шешіміне сәйкес «2017 жылғы «Үздік өлшеу құралы» болып - «РКС-01-СОЛО» радиометрлер-дозиметрлер; «ҚОРҒАУШЫ-01» бөлінетін және радиоактивті материадарды автоматты анықтау жүйесі; «СПЕКТР-01-СОЛО» спектрометрі; «СПЕКТР-01-СОЛО-АЛЬФА» альфа-спектрометрі; «ЭПРАМ-01-СОЛО» сынама сұрыптау құрылғысы, «СОЛО ЛТД» ЖШС танылды. Сондай-ақ, I дәрежелі дипломға ие болды.
«СОЛО ЛТД» ЖШС компаниясы Қазақстанда және Ресейде патенттелген, сертификатталған жұмыс және үлгілік өлшеу аппаратурасын өндіреді. Қазіргі кезде радиометриялық және радонометрлік аппаратураның бірқатар кешені әзірленді және өндіріліп жатыр.
2 орын мен II дәрежелі дипломға - «Правиком» ЖШС-мен өндірілетін «ГК-Ветер» газ талдауыштары. 3 орын мен I II дәрежелі дипломға "АЛМАС" Ғылыми-енгізу орталығы" ЖШС компаниясымен өндірілетін «Палуан» типті статикалық өлшеуге арналған электрондық стационарлық таразы лайық деп танылды.
Сондай-ақ, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов белсенді жұмыстары және метрологияны дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан кәсіпорындары метрологиялық қызметтерінің мамандарын құрмет грамоталарымен марапаттады.
1875 жылы 20 мамырда Парижде өткен халықаралық дипломатиялық конференцияда 17 елдің үкіметтерінің өкілетті өкілдері өлшеудің метрлік жүйесін қолдану, өлшем бірлігі мен шама бірліктері эталондарының халықаралық жүйесін құру негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында «Метрлік конвенция» халықаралық құжатына қол қойған болатын. Міне сол күннің құрметіне жыл сайын Дүниежүзілік метрология күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Метрлік конвенцияға 2006 жылы мүше болды .
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25378?lang=kk