Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері Астанада серуендеді

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері Астанада серуендеді

12.04.2025 07:33:35 275

АСТАНА, 2018 жылғы 6 шілде - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Өзбекстанның министрі Абдулазиз Камилов және Қырғызстанның министрі Эрлан Абдылдаев Астанада серуендеп, қаланың жаңа сәулет нысандарына барып қайтты.

Қонақтар елорданың сол жағалауына өтіп, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасқан ЭКСПО-ның аумағын көріп шықты.

Одан кейін қонақтар Есіл өзенінің жағалауын және Астананың мерейтойына Атырау облысының сыйлығы болып табылатын жаңа жаяу жүргінші көпірін аралап шықты.

Көршілес Орталық Азия республикаларының сыртқы істер министрлері Астананың 20-жылдығын мерекелеуіне қатысу үшін Президенттері басқарған өз елдерінің ресми делегацияларының құрамында келген.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері шілденің үшінші декадасында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өздерінің тұрақты дәстүрлі жұмыс кездесуін өткізуді жоспарлап отырғаны мәлім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25411?lang=kk