Жаңартылған «Дипломатия жаршысы» журналы жарыққа шықты
12.04.2025 14:54:21 880АСТАНА, 2018 жыл 11 сәуір – Сыртқы істер министрлігі «Дипломатия жаршысы» ведомстволық журналдың басылымын қайта шығарыла бастады.
2018 жылдың басында жариялынымның жаңа нысаны мен тұжырымдамасы бекітілді.
Журналда, ең алдымен, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін маңызды халықаралық оқиғалар мен іс-шаралардың талдамасына ерекше назар аударылады.
«1996 жылы негізі қаланған журнал Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзекті және құзыретті публицистиканы беруге негізделген өзінің негізгі мақсатына адал болып қала береді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басылымы Астананың ресми пікірі бар публицистиканы ғана емес, сонымен бірге біздің еліміздің де, сондай-ақ шет елдердің де саясаткерлерінің, дипломаттарының және сарапшыларының мақалаларын қамтитын болады. Біз журнал Қазақстандағы сыртқы саяси ой-пікірді дамытуға арналған маңызды алаңға айналады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің кіріспе мақаласында.
2018 жылдың №1 шығарылымында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қаңтардағы төрағалығының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар, еліміздің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі, қарусыздандыру мәселелері, Сирия жөніндегі Астана процесінің сегіз кезеңінің қорытындысы тақырыбына арналған.
Сонымен қатар, бірқатар авторлардың мақалалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, цифрлық дипломатияның келешегі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Қазақстан дипломаттары қауымдастығының қызметіне қатысты. «Тарих беттерінен» бөлімінде мемлекет қайраткері, дипломат Нәзір Төреқұловқа арналған материал жарық көрді.
«Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс тілдерінде және ағылшын тілінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan» ) шығарылады.
Журналдың электронды нұсқасы http://mfa.gov.kz/kz/content-view/diplomatia-zarsysy-no1-2018 сайтында қол жетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26979?lang=kk