Анар Жайылғанова ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Дьерд Сабомен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Анар Жайылғанова ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Дьерд Сабомен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

14.04.2025 09:32:31 1533

Өзінің алғы сөзінде МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі үшін тиісті басқаруды қамтамасыз ету және ашықтықты арттыру бойынша жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисімен өзара іс-қимылды нығайту маңызды екендігін атап өтті.

«Тұңғыш Президент-Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнінен бастап әрқашан халықаралық ынтымақтастыққа, әсіресе ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлуде. Бұған маңызды растаманың бірі 2010 жылғы желтоқсанда елордамызда Қазақстанның төрағалық етуімен өткен ЕҚЫҰ саммиті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейдегі кадрлық дипломат бола отырып, мемлекеттік басқару саласындағы әлемдік трендтер мен халықаралық стандарттарды үнемі мұқият қадағалап отырады. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа қазақстандық тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыруы, бұл мәселеге деген маңызды назардың болуы деген сөз», - деді ол.

МҚІА төрағасы атап өткендей, Агенттіктің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылды. Олардың қатарында әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, басқарушылардың жаңа буынын іріктеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу.

«Осы және басқа да тапсырмаларды жүзеге асыру озық халықаралық мен үздік шетелдік тәжірибелерді зерделеуді талап етеді.

Осыған байланысты, Агенттік бастамаларына, оның ішінде Агенттік өкілдерінің ЕҚЫҰ -ның алдағы іс-шараларына қатысуына Сіздің бұдан арғы қолдауыңызға үміттенеміз», - деді А. Жайылғанова.

Өз кезегінде Дьерд Сабо Агенттік басшысын МҚІА төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтай отырып, оның тағайындалуы Қазақстандағы әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екендігін және елдегі гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын көрсететіндігін атап өтті.

ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесіне ерекше қызығушылық білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанда дамыған еуропалық мемлекеттермен ұқсастығы бойынша Қазақстан халқына белсенді қызмет көрсету тәжірибесінің болуын сұрады.

МҚІА мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев азамат емес, мемлекет осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бастамашысы болған елде белсенді қызмет түрлерін енгізу туралы хабардар етті. Келесі жылы тағы 17 белсенді қызмет көрсетуді енгізу жоспарланып отыр.

Тараптар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, И. Үйсімбаев азаматтық қоғам сарапшылары мен мемлекеттік органдар атынан қызмет көрсетушілер үшін зерттеулерді, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді құруда және сүйемелдеуде техникалық қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды. 

Агенттіктің ұсыныстарын қолдай отырып, Дьерд Сабо мырза нәтижелі ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыру қорытындыларын бағалауға, олардың тиімділігі мен қол жеткізілген прогреске шақырды. Оның айтуынша, Қазақстан халқының игілігі үшін өзара ынтымақтастықты бағалау үшін негізгі көрсеткіштерді енгізетін уақыт келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27512?lang=kk