ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК

14.04.2025 09:32:47 932

Ішкі істер министрлігіне екіжақты әріптестікті нығайту, жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибе алмасу, сонымен қатар, ішкі істер органдары жұмысын жетілдіруде Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы келді.

Делегация құрамында қырғыз елінің ІІМ Ақпараттық технологиялар бас басқармасының бастығы Алмазбек Бообеков, бөлім бастығы Ұлан Бақтығұлов болды.

Кездесу барысында екі тарап қылмыстылыққа қарсы күресу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бас бостандықтары мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, трансұлттық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе, телефон, көлік, мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мәселелерін талқылады.

«Телефон ұрлығына қарсы күресу үшін заңға өзгерістер енгізіледі. Мысалы, осыған дейін тек телефонға салынатын симкарта ғана сатып алушының атына тіркелсе, келесі жылдың қаңтар айынан бастап телефон да сол адамның атына тіркеледі. Яғни, ұрланған телефонды адамдар өз мақсаттарына пайдалана алмайтын болады. Өйткені, телефон ЖСН-і арқылы иесінің атына тіркеледі», – деді ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы Роза Закаргаева.

Кездесу барысында мал ұрлығына қарсы күреске кеңінен тоқталды. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан мал ұрлығына қатысты атқарылып жатқан шаралардан хабардар етті. «Біз бүгінде бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, төрт түлік малды сәйкестендіру (идентификация) жүргізіліп жатыр. Себебі, ұрланған малды сипаттама бойынша іздеу нәтиже бермей отыр. Екі елдің шекаралас аудандарында мал ұрлығы жиі орын алады, төрт түлік мал ұрланбаған күннің өзінде шекарадан өтіп кетіп жатады. Міне, осындай жағдайда Сіздерге жануардың «жеке деректерін» жіберу арқылы оны табуды жеделдетуге болады», – деді А. Назаров.

Кездесу барысында көршілес елдің өкілдері республикамыздың ішкі істеро органдарында қолданылатын автоматтандырылған жүйелермен, оның жұмысын бағалау критерийлерімен және «Қауіпсіз қала» жобасын енгізу тәжірибесімен танысты.


Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27731?lang=kk