ТЕМІРЖОЛДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
14.04.2025 09:33:19 1502Қарағанды бөліміндегі Бабатай стансасында теміржолды қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты 12 жолаушылар пойызы уақытынан кешіктірілді.
Қазіргі уақытта пойыздардың бөгелу уақытын созбау үшін стансаның негізгі жолдарындағы қозғалысты ашу жөнінде Ұлттық тасымалдаушылар тиісті шараларды қолға алды.
Теміржолды қалпына келтіру жұмыстарына Қарағанды-Сұрыптау және Астана стансаларынан екі қалпына келтіру пойызы мен 150-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.
Осыған орай, 27 желтоқсан күні сағат 23:05-тен бастап Бабатай стансасының 3-ші жолымен пойыздарды өткізу іске асырылды.
Өз кезегінде, Инвестициялар және даму министрлігі «Теміржол көлігі туралы» Заңның 80 бабы 3 тармағына және жолаушыларды, теміржол көлігімен багаж және жүк багажын тасымалдауды бөгелту, сонымен қатар, белгіленген стансаға дейін келе жатқан жолаушыларды, пойызды кешіктіргені үшін тиісті Ережеге сәйкес тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаты (билеті) құнының үш пайызы көлемінде әр сағатына айыппұл төлеуі керек екенін хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27922?lang=kk