Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ
14.04.2025 09:33:29 2642018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз.
Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.
Екі жақты қарым-қатынастар дамуының басты кезеңдеріне 2004 жылы Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаустың Қазақстанға, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Чех Республикасына, 2014 жылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның Қазақстанға ресми сапарлары және 2017 жылы Чех көшбасшысы М.Земанның Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапары кіреді.
Екі ел арасында парламентаралық достық тобының қызметіне негізделе отырып жоғары заң шығарушы органдар деңгейінде белсенді ынтымақтастық орнатылды. Чехия Парламенті Еуропалық Одақ елдерінің арасында 2016 жылы 15 қыркүйекте ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі.
Энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризм кіретін экономикалық өзара іс-қимылдың аса басым салалары айқындалған және жоспарлы игерілуде.
Осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуінің басты механизмі 2005 жылы құрылған экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. 2009 жылы Чехияның Қазақстанды сауда-экономикалық 12 басым әріптестерінің тізіміне енгізуінің арқасында сауда және инвестиция саласындағы мүмкіндіктер едәуір кеңейтілді.
Екі ел арасында өзгеше көпір ретінде қазақстандық туристердің Чехияға тұрақты түрде келуін атап өтуге болады. Чех Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық жастар үшін тартылыс орталығына айналды. Өз кезегінде чех азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күн ішінде визасыз келіп кетуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ ж2не басқа ұйымдар желісі бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Чех Республикасымен одан әрі достық пен сенім қатынастарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға бағдарланған сыртқы саяси бағытын жалғастыруды ниет етіп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28404?lang=kk