Жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде тіркеу бойынша дөңгелек үстел
14.04.2025 09:34:26 462ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылап, жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу жұмыстарын жандандыру мақсатында ү.ж 14 мамырында Атырау облысы Әділет департаментімен облыстық Нотариаттық палатасының өкілдері және қалалық 2-ші деңгейдегі банк қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Отырыс барысында нотариустар тарапынан мәміле жасаушы жақтарға электронды тіркеу форматының тиімділігін тереңірек түсіндіріп, жасалынған мәмілелерді электронды түрде өткізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ, банк қызметкерлері тарапынан электронды тіркеуден өткен құжаттардың заңға сәйкес келетіндігін және электронды тіркеудің заңдылықтарын халыққа дұрыс жеткізу керектігі түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Атырау облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/32898?lang=kk