«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өткізілді
14.04.2025 09:34:52 1415Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында, аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өткізілді. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы М. Бигелдиев бастап, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Конференция барысында партиялық жобалардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, аталған партиялық жобалар халықпен тығыз байланысты ұйымдастыра отырып, көп балалы, табысы аз азаматтарды қолдау, халыққа қолайлы орта қалыптастыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге негізделгені айтылды.
Кербұлақ ауданы тарапынан Алматы облыстық филиалының конференциясына 6 делегат сайланды. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Бигелдиев қорытындылап, аудан көлемінде партиялық жобаларды нақты іске асыру бойынша тапсырмалар беріп, алда келе жатқан саяси науқанға белсене қатысып, ұйымшылдықпен өткізуге, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33650?lang=kk