Қазақстан ДЭФ ЖБИ 2019 жылғы рейтингінде 55-орынға ие болды

Қазақстан ДЭФ ЖБИ 2019 жылғы рейтингінде 55-орынға ие болды

14.04.2025 09:34:57 363

Рейтинг 103 индикатордан (55 статистикалық және 48 сауалнамалық) тұратын 12 фактор бойынша бағаланады.

12 фактордың ішінен Қазақстан 5 фактор бойынша позицияларын жақсартты, 4 фактор бойынша нашарлау байқалды және 3 фактор бойынша позициялар өзгермеді.

 

Қазақстанның ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі позициялары

 

Фактордың атауы

2018 жылғы

орны

2019 жылғы

орны

Қарқын

 

Жалпы рейтинг

 

 

 

1

Институттар               

61

64

3

2

Инфрақұрылым       

69

67

2

3

АКТ енгізу          

44

44

-

4

Макроэкономикалық

тұрақтылық

62

60

2

5

Денсаулық                    

97

95

2

6

Дағдылар                            

57

57

-

7

Тауарлар нарығы     

57

62

5

8

Еңбек нарығы             

30

25

5

9

Қаржы жүйесі                     

100

104

4

10

Нарық көлемі

45

45

-

11

Бизнестің қарқындылығы                      

37

35

2

12

Инновациялық әлеует      

87

95

8

 

Қазақстанның бәсекелес артықшылықтары келесідей факторлар болып табылады: «Еңбек нарығы» – 25-орын (5 позицияға жақсару) және «Бизнестің қарқындылығы» – 35-орын (2 позицияға жақсару),.

Мынадай факторлар орташа деңгейде бағаланды: «АКТ енгізу» – 44-орын (өзгеріссіз), «Нарық көлемі» – 45-орын (өзгеріссіз) «Институттар» – 64-орын (3 позицияға нашарлау), «Инфрақұрылым» – 67-орын (2 позицияға жақсару), «Макроэкономикалық тұрақтылық» – 60-орын (2 позицияға жақсару), «Дағдылар» – 57-орын (өзгеріссіз) және «Тауарлар нарығы» – 62-орын (5 позицияға нашарлау).

Келесідей факторлар бойынша Қазақстанның әлсіз позициялары анықталды: «Денсаулық» – 95-орын (2 позицияға жақсару), «Қаржы жүйесі» – 104-орын (4 позицияға нашарлау) және «Инновациялық әлеует» – 95-орын (8 позицияға нашарлау).

Қазақстан келесідей индикаторлар бойынша 1-орынға ие:

  • корпоративтік басқару саласындағы акционерлердің құқықтары;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығы саласындағы кредиттік алшақтық;
  • бизнестің дәрменсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік база.

Сондай-ақ, электрмен жабдықтау дәрежесі бойынша Қазақстан 2-орынды, бизнесті ашу құны бойынша 7-орынды иеленді.

2019 жылғы 4.0 ЖБИ рейтингіне 141 ел қатысты. Аталған рейтингте көшбасшы елдердің бестігіне Сингапур (1), АҚШ (2), Гонконг (3), Нидерланды (4) және Швейцария (5) кірді.

Қазақстан Колумбия (57), Грекия (59), Түркия (61), Үндістан (68) және Аргентина (83) сияқты елдерден озып тұр.

ТМД елдері арасында Ресей көшбасшы болып отыр (43-орын), одан кейін Қазақстан (55), Әзербайжан (58), Армения (69), Грузия (74), Украина (85), Молдова (86), Қырғызстан (96), Тәжікстан (104) орналасқан.

Рейтингтің нәтижелерімен Дүниежүзілік экономикалық форумның https://www.weforum.org/reports/the-global-competitveness-report. ресми сайтынан нақтырақ танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33724?lang=kk