Елордада Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының қатысуымен «Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті
14.04.2025 09:34:59 330Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А. Дарбаевтың, комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінің басшылығының, «Астана-Энергия» АҚ басшылығының, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жылу энергиясын өндіру саласындағы табиғи монополияның базалық субъектісі«Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті.
«Астана-Энергия» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары А. Никифоров 2018-2019 жылдар үшін Қоғамның Инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.
Одан кейін «Астана-Энергия» АҚ-ның инженер маманы баспасөз-тур қатысушыларына қауыпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық өткізді, 2-ЖЭО-ның турбиналық цехын, 2500 м.куб/сағ. шығынымен жүйелік сорғыларын, 2-ЖЭО-ның алаңында С-1 мен С-2 жылу жүйелерінің құбыр жолдарының телімдерін, 2-ЖЭО-ның қазан цехын және отын-көліктік цехын көрсетіп, 2-ЖЭО-ның жалпы жұмысымен таныстырды.
Комитеттің Төрағасы Асан Дарбаев сондай-ақ БАҚ-ы өкілдерінің кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаларын орындау қатысты қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті және Астана қаласының Энергетика басқармасы 2018-2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламасын 963 699 мың теңге сомаға бекіткенін атап көрсету қажет.
Инвестициялық салымдардың басым бағыттары:
- жылу энергиясын өндірудің сенімділігін қамтамасыз ету;
- экологиялық шараларды орындау;
- тозған жабдықты ауыстыру;
- жабдық жұмысының пайдалы әсер ету коэффициентін (ПӘК) арттыру;
- жылу энергиясын өндіруді ұлғайту болып табылады.
2018 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес:
- 1-ЖЭО бойынша – 10 іс-шара;
- 2-ЖЭО бойынша-17 іс-шара;
- аудандық қазандықтар бойынша-4 іс-шара жоспарланған.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 891 993 мың теңгеге 25 іс-шара орындалды, бұл 92% құрайды.
73 093 мың теңге сомаға қалған 6 іс-шара бойынша шарттар жасалды, алайда 2018 жылғы 31 желтоқсанға өнім берушілер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамады.
«2018 – 2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 01 наурыздағы №14-ОД бұйрығына сәйкес 73 093 мың теңге сомаға іс-шараларды 2019 жылға көшіру арқылы 2018-2019 жылдардағы инвестициялық бағдарламаларды түзету орындалды.
2019 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес: 1-ЖЭО бойынша 17 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 13 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 8 іс-шара жоспарланған. Түзетуді ескере отырып, жалпы сома 1 052 млн. теңгені құрады.
2020 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес 976 млн. теңге сомаға: 1-ЖЭО бойынша 10 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 26 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 5 іс-шара жоспарланған.
2018-2019 жылдардағы жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:
1-ЖЭО бойынша:
- Жылу энергиясын өндірудің сенімділігін арттыру үшін 2018 жылы «Ағынды аппаратты колонкаға ауыстыра отырып, вакуумдық деаэраторды қайта құру жобасын әзірлеу» орындалды. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
- «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО №1 қоймасына көмір жеткізудің 6-ТК телескопиялық түсіргіштер мен түсіру тораптарында аспирация және шаңбасу жүйелерін жаңарту» жобасы жүзеге асырылды. Жаңартылған жабдықтың жалпы саны – төрт түсіргіш.
Шаң басу жүйесі ЖЭО-1 аумағында және станцияның санитарлық-қорғау аймағында экологиялық жағдайды жақсартты.
- Жабдықтарға жедел қызмет көрсету және жөндеу үшін 2 дана (шассидегі) тіркеме дәнекерлеу агрегаты сатып алынды.
- Биіктігі 100 метр №1 түтін құбырының ұңғысына күрделі жөндеу жүргізілді.
2-ЖЭО бойынша:
- Түтін газдарын тазарту дәрежесін арттыру үшін №6 ст. қазан агрегаты эмульгаторларының төрт жаңа құйындағыштары сатып алынды және орнатылды;
- энергия тиімділігін арттыру үшін 2-ЖЭО багерлік сорғыларының жиіліктік-реттелетін жетегінің (ЖРЖ) құрылғысы орындалды;
- азот тотықтарын төмендету үшін 2-ЖЭО СҚЦ №№1, 2 су жылыту қазанагрегаттарында үшінші үрлеуіш жүйесінің монтажы орындалды;
- 2 дана көлемінде шығыны 2500 м3 құрайтын жаңа желілік сорғылар орнатылды;
- СҚЦ-ның аккумуляторлық батареясы ауыстырылды;
- ДЗ-59 бульдозеріне күрделі жөндеу жүргізілді;
- күштік және бақылау кабельдерінің өртке қарсы материалдарымен жабу орындалды.
Аудандық қазандықтар бойынша:
- Жүк көтергіштігі 15 тонна жүк автомобилі сатып алынды (1 дана);
- КВр-1,45 – 4 су жылыту қазандары сатып алынды және ауыстырылды;
- Нұр-Сұлтан қаласы УПТК қазандығында жаңа өрт хабарлағышының монтажы орындалды;
- «Промышленный кенті мен Железнодорожный кентінде қазандықтардың ескі түтін құбырларын бөлшектеу және жаңаларын салу» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді;
- УПТК кентіндегі қазандықтың түтін құбырына күрделі жөндеу жүргізілді.
2019 жылғарналған мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді және мынадай іс-шаралар бойынша шарттар жасалды:
- багерлік сорғы сатып алу. Шарт бойынша жеткізу 2019 жылғы 20 қазан.
- 2-ЖЭО алаңындағы С-1 және С-2 жылу желісі құбырларының учаскелерін қайта жаңарту және ішінара ауыстыру. Орындалуы 95%. Жұмыстардың аяқталуы 2019 жылғы 30 қазан.
Іс-шара қаланы жылу энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.
- «1-ЖЭО қазандарын қайта жаңарту және 2-ЖЭО су жылыту-қазандық цехының қазандарын газға көшіру арқылы қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу».
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында, атап айтқанда «Елді одан әрі газдандыру» атты бесінші бастамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33726?lang=kk