Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі

14.04.2025 09:35:43 429

2019 жылғы 7 қарашада Женева қ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) рәсімі аясында Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы үшінші Ұлттық баяндамасы сәтті қорғалды.

Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері болды.

Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев ӘКШ процедурасының мемлекеттің өзінің адам құқықтары бойынша міндеттемелерін қалай орындайтынын бағалаудың сыртқы құралы ретіндегі маңыздылығын,     сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жақсы халықаралық стандарттары мен тәжірибелерін ұстанатынын атап өтті.

Қазақстан 2014 жылы ӘКШ шеңберінде екінші Ұлттық баяндаманың ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті: Үкіметтің қоғам алдындағы есеп беруін арттыру саясаты жүргізілуде; ТДМ шеңберіндегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда; сот-құқықтық жүйелері жаңғыртылды; балалар мен әйелдердің құқығын қорғауда, конфессияаралық келісім мен сыйластықты күшейту бойынша шаралар қабылдануда.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері интерактивті сұхбат барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейін, сұхбат пен ынтымақтастыққа ашықтығы мен дайындығын, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Атап айтқанда, жүздеген қазақстандықтарды Сириядан қайтарған «Жусан» арнайы операциясының сәтті өткізілгені үшін жоғары баға берілді. Өз кезегінде Делегация басшысы терроризммен күрес тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өтуі оң бағаланды, оның мақсаты барлық салаларда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.

Өз сөзінің соңында Әділет министрі Қазақстан Республикасы адам мен балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру, инклюзивті қоғам құру және тиісті институционалдық құрылымдарды нығайту жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34214?lang=kk