Дәленов Ресей мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының оң қарқыны қалай сақталып келе жатқанын баяндады

Дәленов Ресей мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының оң қарқыны қалай сақталып келе жатқанын баяндады

14.04.2025 09:36:00 319

Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту туралы Омбыдағы XVI Өңіраралық форумда сөз болды. Оған Қазақстан делегациясының құрамында сауда-экономикалық миссиямен ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, Ресей Қазақстанның ірі және басты сауда серіктестерінің бірі болып табылады.

Форум қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР ҰЭМ басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалғанын атап өтті. Тауар айналымы 13%-ке артып, шамамен 19 млрд. АҚШ доллары болды.

«Ресей де Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Инвестициялардың негізгі ағыны өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, қаржы қызметі, көлік және логистика салаларына тиесілі», - деп атап өтті Министр.

Сонымен қатар, Руслан Дәленов өңіраралық ынтымақтастық пен шектес аумақтарымыздың іскерлік байланыстарын дамытуда қол жеткізілген елеулі табысқа назар аударды.

«Бұл біз бірлесіп дамытатын, соның ішінде сауда рәсімдерін оңайлату, өзара инвестицияларды ұлғайту, көлік және ілеспе инфрақұрылымды жақсарту арқылы дамып келе жатқан үлкен нарық. Әлемдік экономикадағы сын-қатерлерді ескере отырып, бізге өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде өсіріп, бірлескен өсу нүктелерін іздестіру қажет. Аймақаралық ынтымақтастық өзгелер үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс» - деді спикер.

Қазақтар: «Туыс ата-бабадан, көрші құдайдан» дейді. Біздің тату көршілігіміз, өзара сенімді қарым-қатынасымыз терең құрмет пен бірлескен тарихқа негізделген», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

Анықтама:

Делегаттар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, шикізаттық емес экспорт салаларындағы мемлекетаралық кооперацияның перспективаларын қарады.

Үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылды.

Іс-шараға қатысушылар арасында министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстан облыстарының бірқатар субъектілерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34281?lang=kk