«Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары» қашықтық сабақ

«Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары» қашықтық сабақ

14.04.2025 09:36:20 1556

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінде «Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбындағы онлайн режимдегі қашықтық сабағы өтті.

Қашықтық сабағына білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық қатысушы қатысты. Орталықтың туризм-өлкетану бөлімінің жетекшісі Сұлтан Қазыбек қашықтық сабағын ашып, туризм ісіндегі қауіпсіздік шараларының маңызы туралы айтты.

Сабақта М.Горький атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Б.Джумашев баяндама оқыды. Баяндамада туризм туралы жалпы түсініктер, туризмде және туристік жорықтарда сақталу  керек қауіпсіздік шаралары, дәрежелі және категориялық жорықтардың нормативтері, спорттық көпсайыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы, туристік құрал-жабдықтарды қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде сөз қозғалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34402?lang=kk