Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы

14.04.2025 09:36:40 1636

11 қараша күні «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысы мен депутаттық фракцияның бірлескен кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды қала әкімі,  «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалының төрағасы Ораз Тәуірбеков ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш отырысқа  қалалық мәслихат хатшысы Қ.Тейлянов, қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, коммуналдық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - Балқаш қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Шлыкова баяндады.

Баяндамашының айтуынша, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 158 нысаналы индикатордың 133-не қол жеткізілді. Балқаш қаласы әкімігінің стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу көрсеткіші 84 балды құрады. Бұл орташа деңгейде екенін көрсетеді. 2019 жылға мұндай бағалау көрсеткіші 2020 жылдың мамыр айында жүргізіледі. Қазіргі уақытта дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу бойынша жұмыстар аяқталуда. Осы жұмыс аясында нысаналы индикатолрларға айтарлықтай қысқартулар жүргізілетін болады. Оның ішінде 70 % жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне тікелей байланысты. Бұл ресурстық қамтамасыз етуге және нәтижеге жетуде жауапкершілікті арттырады деген сөз. Аталмыш жұмыстың аяқталу мерзімі 1 желтоқсан деп белгіленді.

Екінші мәселе бойынша фракция жетекшісі А.Күлембаева қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлім етті. Бұл жөнінде Айнагүл Күлембаева кеңейтілген мәлімет берді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын іске асыру барысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Карамурзин, сайлау окургтері бойынша тұрғындармен кездесу жұмыс топтарын бекіту және 2020 жылы партияның қоғамдық қабылдау кестесін бекіту туралы «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секербекова ақпарат берді.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков халыққа мемлекеттік бағдарламаларды оның ішінде салалық және жалпы қалалық бағдарламаларды түсіндіре отырып партия жұмысын қайта жаңғырту қажеттілігін айтты. Яғни, халыққа жақын болып, шалғайдағы ауылдық елдімекендерге барып қабылдау өткізуді, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалалардың өтініштерін уақытылы қарау керек екенін жеткізді.

Жиын қорытындысында Бюро мүшелері мен қатысушылар тыңдалған есептерді жан-жақты талқыға салып, жобалардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Ұсыныстар, толықтырулар мен бастамалар бірауыздан қабылданып, қолдау тапты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/34560?lang=kk