Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні

14.04.2025 09:37:12 1762

2019 жылдың 21 қарашасында Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» халыққа жақынырақ болу идеясын қолдау мақсатында, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні аясында қала әкімі Қ.Ахметов азаматтарды қабылдады.

 Барлығы 107 адам жазылды, олардың 95 келді. Жазылған адамдардың көптігіне байланысты, халыққа теледидардан түрлі әлеуметтік роликтерді көріп отыратын ыңғайлы күту залын, сол ғимараттың екінші қабатындағы асханада бауырсақпен ыстық шай мен кофені ұйымдастырдық.

Қабылдау барысында түрлі мәселелер қаралды, онда барлық қалалық қызметтердің бірінші басшылары қатысып отырды. Азаматтарға түсіндірулер, заңгерлік кеңестер берілді. Шешімі үшін қосымша уақыт қажет болатын мәселелер бойынша тиісті қызметтерге тапсырма берілді. Азаматтар дені жер, көше жарығы, жол құрылысы, жолаушылар тасымалы, тұрғын үй мәселесін көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34958?lang=kk