ҮЕҰ-мен кездесу
14.04.2025 09:37:30 1512Ағымдағы жылы 13 маусым күні Маңғыстау облысының білім басқармасының 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ-мен кездесу өтті. Аталған кездесуге Маңғыстау облысы білім басқармасының бас маманы О.Мамутова, бөлім басшысы Ш.Байдуллаева, облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасарлары Ж.Жумабаева, А.Мамаева және ҮЕҰ-дың директорлары қатысты. Кездесу барысында жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ директорлары іс-шара жоспарларымен және атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Шара соңында жобалар аясында қарастырылған іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау қажет екендігі айтылып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35047?lang=kk