Жігерлі жас – ел тірегі
14.04.2025 09:37:57 1536Жігерлі жас – ел тірегі
Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру – жастар саясатының аса маңызды бағыттарының бірі. Жастардың өмірден өз орнын тауып, ұлағатты ұрпақ болып қалыптасуына аса мән беріліп отырған «Жастар жылы» аясында жастарды тәрбиелеуге бағытталған игі істер сәтті жүзеге асырылуда.
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының, «YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша көшпелі іс-шаралар және этносаралық келісімді насихаттау бойынша ақпараттық кампаниясы өткі-зілуде.
Осыған орай өткен аптада Текелі қаласындағы бірқатар мекемелерде «Nur Оtan» партиясының «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы Е. Ақболатов, Алматы облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабының төрағасы Р. Усанова, «Жетісу – адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесінің басшысы Р.Тұрлановтың қатысуымен бір-неше шара ұйымдастырылды.
№5 орта мектебінде, «Шапағат» орталығында және Рудничный ауылдық округінің №7 орта мектебінде «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары бойынша жастарға толыққанды мағлұматтар беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Кәсіптік колледжде өткен «Ел болашағы – жалынды жастар» атты кездесуде жас еріктілер қозғалысын дамыту, пробация қызметі туралы сөз қозғалып, NЕЕТ санатындағы және девианттық мінез-құлықты жастардың өзіне деген сенімділігін арттыру, мотивация беру арқылы қоғамдық белсенділікке шақырды. Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
№4 орта мектебінде «Өмір өзіммен ғажап, әлем менімен әдемі» семинар-тренингі өтті. Тренинг барысында оқушы жастарға уақытын тиімді пайдалану, достық қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділігін арттыру туралы ақыл-кеңестер беріліп, семинар соңында сертификаттар табысталды.
Бекжан Керимбаев, Жастар ресурстық орталығының маманы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35487?lang=kk