Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара

Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара

20.08.2026 11:05:41 208

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде сотталғандар арасында Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында сотталғандар арасында арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің дене күшін, төзімділігін, ептілігін және командалық рухын көрсетті.
Мұндай спорттық іс-шараларды өткізу сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын, тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың оң бағытта қайта әлеуметтенуіне ықпал етеді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1277152?lang=ru