Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

14.04.2025 09:38:39 286

АДДИС-АБЕБА, 2019 жылғы 15 қараша - Эфиопиядағы ҚР Елшісі Барлыбай Садықовтың Эфиопия Президенті Сахлеворк Зевде ханымға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Кездесу барысында, екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікт танытты.

Елші Б. Садықов сұхбаттасушыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі мазмұнымен, елдің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарымен, екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстармен таныстырды.

Өз кезегінде, Эфиопия Президенті С. Зевде Қазақстанды Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған табысты саяси және экономикалық өзгерістермен құттықтады. БҰҰ-да бірлескен жұмыс бойынша жеке өзі білетін жаңа Президент Қ. Тоқаевпен белгіленген мақсаттар мен міндеттердің табысты жүзеге асырылуына сенім білдірді. С. Зевде сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларында эфиопиялық тарапының Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға деген ықыласын білдірді және осы қызметке тұрақты қолдау көрсететініне сендірді.

 

Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 2011 жылғы 5 қыркүйекте ноталар алмасу жолымен белгіленген.

Бүгінгі таңда, Эфиопиямен саяси және экономикалық байланыстар одан әрі дамып келеді. Қарым-қатынас бағыттары пысықталуда, ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы ортақ мүдделерді іздеу жұмысы өте табысты және қарқынды жүріп жатыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 86,4 мың АҚШ долларын құрады (экспорт – 0,4мың АҚШ долл.), импорт – 86 мың АҚШ долл.). Эфиопияға тегіс темір, легірленген және легірленбеген, тот баспайтын болат импортталады. Қазақстанға гүлдер, кофе, тері және басқада тауарлар импортталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35762?lang=kk