Қазақстан СІМ-де Пәкістанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де Пәкістанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

14.04.2025 13:20:28 990

Астана, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Басты назар ағымдағы жылға жоспарланған түрлі деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне аударылды. Бұл ретте жоғары деңгейде байланыстардың оң динамикасы аталып өтті.

Осы тұрғыда екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттарына ықпал ететін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының маңыздылығына назар аударылды.

Тараптар энергетика, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/975554?lang=kk