Биыл 1997-2006 жылдары туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізіледі.
15.04.2025 17:50:33 1544– 2025 жылы Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарында 23 556 әскерге шақырылушы есепте тұрды. Олардың ішінде әскерге шақырылуға жататындар – 2251 адам, шақыруға жатпайтындар – 21 305 адам, – дейді Қостанай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, полковник Қазбек Ахметов.
2025 жылы көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында мерзімді әскери қызметке: шекара қызметіне – 110 адам, Қарулы Күштер қатарына – 493 адам, мемлекеттік күзет қызметіне – 14 адам, Ұлттық ұланға – 346 адам
шақырылады. Жалпы алғанда, 963 әскерге шақырылушының заңды кейінге қалдыру немесе әскерден босату құқығы жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zarechnyi/press/news/details/959785?lang=kk