Халықаралық әйелдер мерекесі

Халықаралық әйелдер мерекесі

15.04.2025 17:52:44 1497

Әлемге жылулық сыйлаған нәзікжандылар!
🔰Әйел - ана. Әйел - аяулы нәзік жан. Қоғамның ажырамас бөлігіне айналған әйелдер барлық жылулық пен ізгіліктің бастауы. " Алып анадан туады" дегендей, нар тұлғалы батырларды өмірге әкелген аналарға құрмет жоғары тұрады.
Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған "Ана - өмірдің тірегі, бақыттың бастауы" атты салтанатты шара өтті.
Залда отырған барлық әйелдер қауымының жүздерінен шаттық нұры себелеп, жайнағанда айнала әдемілікке толып тұрды.
Мейірім мен махаббат төгілген шараға Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Т.Алагузова, Құлан ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Әліпбаев, Құлан ауылдық округінің әкімі Е.Сейтжапаров құттықтау сөз сөйледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kulan/press/news/details/960467?lang=kk