ҚазҚСҒЗИ және жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамы (JSSI) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚазҚСҒЗИ және жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамы (JSSI) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15.04.2025 17:53:03 1689

Қазақ сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) және «The Japan Society of Seismic Isolation» (JSSI) бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу туралы келісті.

Келісімге жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының (JSSI) президенті, профессор Акира Вада (AkiraWada) және "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Құлбаев өз қолдарын қойды.

Меморандум ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеу және орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар қалыптастыруды, сейсмикаға төзімді құрылыс саласында практикалық жұмыстарды орындау үшін Қазақстан мен Жапониядан келген ғалымдар мен мамандарды тартуды көздейді.

Ынтымақтастықтың аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, өзара ортақ мүдделерді ұсынатын ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференцияларды, семинарларды, "дөңгелек үстелдерді", кездесулерді және көрмелерді өткізу ұйғарылып отыр.

"2018 жылы Алматы қаласында «The Japan Society of SeismicIsolation» (JSSI) қатысуымен "Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" Халықаралық семинары өткен болатын. Семинарда қазақстандық және жапондық мамандар сейсмикалық оқшаулағыш конструкцияларды қолданудың тәжірибесімен алмасты. ҚазҚСҒЗИ-дың сейсмикаға төзімді құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар, ал біздің мамандарымыз сейсмикалық оқшаулағыш жүйелердің авторлық әзірлемелеріне ие, сондықтан жапондық әріптестеріміз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі болды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша біздің елдеріміздің сейсмикаға төзімді құрылысын дамыту саласында күштерімізді біріктіру шешімі қабылданды",- деп түсіндірді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Құлбаев.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – Қазақстандағы инженерлік-геологиялық жағдайлары өте күрделі аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

The Japan Society of Seismic Isolation» (JSSI) - Жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының негізі 1993 жылы құрылған, негізгі мақсаты - аса қауіпсіз және жоғары сапалы ғимараттардың құрылысына ықпал ете отырып, сейсмикалық оқшаулауға жәрдемдесу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/10756?lang=kk