Қазақстан теңізшілерді оқыту шараларын күшейтеді
15.04.2025 17:53:43 1676Теңізшілерді дайындау отандық жүйесін дамыту жөніндегі шаралар Актауда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Бұл мәселе Қазақстанның Халықаралық теңіз ұйымының(IMO) «ақ тізіміне» кіруіне және соның нәтижесінде Каспий маңындағы мемлекеттермен кәсіби дипломдарды тану жөніндегі келісім жасасуға талап білдіру тұрғысында аса маңызды.
Қазіргі уақытта ҚР кеме тізілімінде 300 дана шамасында кеме тіркелген. Бұл кемелердегі жұмыстарға 1,5 мың адам тартылған. Соның ішінде экипаж құрамындағы ҚР азаматтарының үлесі 52%, ал басшылық құрамы тек қана 25%.
Сала отандық теңізшілерге зәру екені анық. «Теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша кадрларды Қазақстандық теңіз академиясында, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде, Атырау мұнай және газ институтында дайындайды. Статистика мәліметтері бойынша 2017-2018 оқу жылына оқушылар контингенті 400 адам шамасында.
Белгіленген келісімдер жасалғанға дейін каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктерімен қазақстандық теңізшілерді дайындау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аудит жүргізіледі. Осыған орай қазіргі уақытта Ресейлік кеме қатынасы теңіз регистрі өкілетті мекемесімен оқу орындарының жаттығу орталықтарын куәландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаттығу орталықтарына қатысты бүгін іс жүзінде барлық теңізшілер мен студенттер дайындықты Ресей мен Әзірбайжанда өтеді. Осыған орай Атырау мен Баутинода орналасқан жаттығу орталықтары бар YKK («Ескерткыш Кызмет Казахстан» ЖШС) компаниясының негізінде оқу орындарымен меморандумға қол қойылған. Құжаттың мақсаты бұл теңіз көлігі мамандарын дайындау және біліктілігін арттыру саласында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
Қатысушылар сонымен қатар, студенттердің жүзу тәжірибесінен өтуіне қатысты мәселелер талқыланды. 2018 жылға 220 оқушыны тәжірибеден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа ҚР Білім және ғылым министрлігі 120 млн. теңге шамасында ақша бөлді.
Бұдан бөлек, іс-шара барысында Caspian Offshore Construction компаниясы пайдалануға дайын «Номад» оқу кемесін таныстырды. «Номад» бір уақытта 15 студентті тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/11066?lang=kk