Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары: еңбек қатынастары және әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды
15.04.2025 17:55:35 1640ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және регрессшілермен кездесті. Сонымен қатар, облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына барып, оның қызметімен танысты.
Вице-министр сапарын Тараз қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралаудан бастады. Атап айтқанда, «Имсталькон» ЖШС Жамбыл металл конструкциялары зауытының қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР-да 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, еңбек шартынсыз жұмыс істеу, кірістерді жасыру және жалақы бойынша берешек мәселелері көтерілді. Вице-министр бұл әлеуметтік тәуекелдердің жұмысшыларға тигізетін теріс салдарын атап өтті. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар цифрлық шешімдерді іске асыруда. Атап айтқанда: жұмыс берушілердің HR Enbek ақпараттық жүйесінде кәсіпорындардың штат кестесін декларациялауы, еңбек және ұжымдық шарттарды электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ еңбек жанжалдарын болжау және алдын алу үшін еңбек тәуекелдері картасының функционалын кеңейту шаралары қарастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/961495?lang=kk