ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН «ӘН МЕН ӘНШІ» КОНЦЕРТІНЕ ҰЛАСТЫ
15.04.2025 17:57:52 286
✔️Наурыз мейрамына орай Түркістан төрінде «Ән мен әнші» концерті өтті. Киелі шаһардың ерекше мәртебе алу құрметіне арналған мерекелік думанды Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Күндіз Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шараны тамашалаған түркістандықтар мен қонақтар кешке мағыналы концертте бас қосты.
✔️Бұл кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова бастаған әншілер өнер көрсетті. Есті әндер жүректерді жылулық пен әсерлі әуенге толтырып, әдемі көңіл-күй сыйлады.
✔️Концертте шырқалған әндер мен ерекше атмосфера көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Керуен сарай» кешеніне келген адам қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары керемет бағдарлама мен эмоцияға толы сәттерге риза болып тарқасты.
✔️Айта кетейік, Түркістандағы Наурыз тойы тойы бүгін «Конгресс холл» кешенінде республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Сондай-ақ Түркістан музыкалық драма театры бүгін және ертең «Вальс королі» қойылымын көрермен назарына ұсынады. Аудан, қалаларда мерекелік іс-шаралар жалғасады.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962156?lang=kk