Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер

15.04.2025 17:58:54 2053

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер

2024 жылғы 13 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Өзгерістер 20 бапқа енгізіліп, жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді және жаңа құқық бұзушылық құрамдары енгізілді.

🔹 Жаңа құқық бұзушылық құрамдары:
✅ Қарсы жолаққа шығу салдарынан жол-көлік оқиғасы (ЖКО) жасау – 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру.
✅ Есірткі, психотроптық немесе күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта қолдану – 40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке қамау, қайталанған жағдайда 80 АЕК немесе 20 тәулікке қамау.
✅ Құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысына араласу (соның ішінде БАҚ пен интернет арқылы) – 30 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау.

⚡ Жауапкершілік күшейтілді:
⚠️Арнайы қызметтерге жалған шақыру жасау – 60 АЕК айыппұл, қайталанған жағдайда 120 АЕК.
⚠️Жарамсыз паспортты пайдалану – 200 АЕК айыппұл.
⚠️Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу – жеке тұлғаларға ескерту алынып тасталды, 30 АЕК айыппұл.

🔹 Жауапкершілік жеңілдетілді:
✅ Ақылы автотұрақ үшін төлемді уақытында төлемеу – айыппұл 3 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда 5 АЕК-тен 2 АЕК-ке дейін төмендетілді.
✅ Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына әкеп соққан жол жүру ережесін бұзуы тек материалдық шығынмен – 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру алынып тасталды, тек 20 АЕК айыппұл қалады.

📲 Цифрландыру және рәсімдік өзгерістер:
💻 Әкімшілік істерді енді онлайн қарауға болады (Zoom, WhatsApp арқылы).
📩 Айыппұлдар автоматты түрде өндірілуге жіберіледі.

⚡ Жаңа жазалау шарасы – «қоғамдық жұмыстар» (2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап)
Қоғамдық жұмыстар келесі құқық бұзушылықтар үшін тағайындалуы мүмкін:
🔹 Отбасындағы құқыққа қайшы әрекеттер
🔹 Ұсақ бұзақылық
🔹 Қоғамдық орындарды ластау

🚨Бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, құқық бұзушыларға бақылауды күшейтуге және әкімшілік өндірісті оңтайландыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DHaXjGjM72Y/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/962553?lang=kk