Құрметті Шемонаиха қаласының тұрғындары, жеке кәсіпкерлер және барлық меншік нысандарының басшылары!
15.04.2025 18:00:32 209Сіздердің назарларыңызды Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелерін сақтау қажеттілігіне аударамыз.
Көктемгі кезеңде заңды және жеке тұлғалар апта сайын іргелес аумақты тазалап, қаланың барлық аумағында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумағын таза және тәртіпті ұстауы, абаттандыру элементтерінің (жолдардың, тротуарлардың, көгалдардың, шағын сәулет нысандарының, жарықтандырудың, су бұру жүйелерінің) бүлінуіне және бұзылуына жол бермеуі тиіс.
Объектілердің меншік иелері жасалған шарт негізінде не коммуналдық шаруашылық ұйымдарының күшімен іргелес аумақты санитарлық тазалауды және жинауды қамтамасыз етуге міндетті.
Іргелес аумақ-бұл ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының, сауда, жарнама объектісінің және заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алған немесе балансындағы басқа да объектілердің шекараларына тікелей іргелес аумақ, периметрі бойынша 5 метр шегінде.
Шемонаиха қаласының әкімдігі аталған талаптар орындалмаған жағдайда кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 – бабына сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар, атап айтқанда жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қолданылатынын ескертеді.
Таза тазаланатын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде!
Біздің қаланы бірге таза етейік!
Құрметпен,
Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/963092?lang=kk