Павлодар бала-бақшаларына азық-түлік жеткізуші ӘМАТ бағасын 300%- ға қымбаттатқан.

Павлодар бала-бақшаларына азық-түлік жеткізуші ӘМАТ бағасын 300%- ға қымбаттатқан.

15.04.2025 18:01:07 154

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде ӘМАТ бағасын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кесті.

          Жүргізілген мониторинг барысында ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталды.

          Мектепке дейінгі мекемелермен (бала-бақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан ӘМАТ-тың түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы:

- күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін),

- қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін),

- қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін),

- тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін),

- тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін),

- күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін),

- сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін).

          Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

          Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты.

          ӘМАТ тауарларына баға белгілеудің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар шеңберінде Агенттік бюджеттік ұйымдарға жеткізілетін азық-түлік бағасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

          Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/963276?lang=kk