МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ Кезекті ХLII сессиясында
15.04.2025 18:01:49 264Әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы, сондай-ақ, кезекті ХLІІ сессиясы өткізіліп, оның жұмысын мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі, салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды. Сессияның күн тәртібінде ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы, «Ауыл - ел бесігі» жобасының шеңберінде әлеуметтік – мәдени және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық обьектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар, аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, басқа әр түрлі мәселелер ретімен күн тәртібіне сай қаралды. Сессияға шығарылған мәселелер алдын ала мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысында кеңінен талқыланғандықтан депутаттар тарапынан сұрақтар туындамады. Соңынан сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ақпараттық медиа орталығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/963493?lang=kk