ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

15.04.2025 18:02:35 242

✔️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жетекшілік ететін салаларының жұмысы сараланып, тапсырмалардың орындалуы тексерілді.

✔️Мәжіліс барысында шаруалар көтеріп жүрген өзекті мәселелердің заң аясында шешімін тапқандары зерделеніп, бақылаудан алынса, мамандармен аудандарда өткен кездесу барысында түскен жаңа ұсыныстар мен өтініштер тапсырма-жоспарға енгізіліп, қадағалауға алынды.

✔️Облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнесті дамыту үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы әлі де өз деңгейінде емес екенін айтып, жауаптыларға ескерту жасады.

✔️Күн тәртібіндегі кезекті мәселе – жаңадан құрылатын индустриалды аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттардың рәсімделу сатысы қаралып, ұсынылатын инвестициялық жобалар зерделенді. Сондай-ақ «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесінің есебі тыңдалды.

✔️Аса қауіпті зиянды жәндіктерге (Марокко шегірткесі) қарсы жүргізілетін іс-шаралардың атқарылу барысы да талқыға түсіп, аудандарға жүргізілген бақылау нәтижесімен бірқатар қосымша тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/963793?lang=kk