Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда
15.04.2025 18:03:10 231
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Әуелі қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Данияр Әзімов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан көше-жол желісіне қатысты 78 тексеру жүргізіліп, оған 805 шақырым жол қамтылды. Нәтижесінде 1050 ақау анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша 78 нұсқама жолданса, оның қазір 21-і ғана орындалуда. Ал жолданған нұсқамалардың уақытылы орындалмауы жол-көлік оқиғаларына және халық тарапынан үнемі наразылық туындауына әкеп соғады. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі. Егер берілген ұйғарымдар уақытылы орындалмаса, күн санап нұсқама саны да артып, бұл қаладағы жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді, – деді Данияр Желеубайұлы.
Келесі кезекте қала әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Шогалов та осы мәселеге арнайы тоқталса, Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептен тыс және демалыс кезінде бос уақытын қамтамасыз етуге жоспарланған шараларды тілге тиек етті.
Басқосуды қорытындылаған шаһар басшысы қала қауіпсіздігі қашанда жіті назарда болуы керектігін қадап айтты.
– Бүгінде қала аумағына жаңа елді мекендер қосылып, көкжиегі кеңейді. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысын арттырып отыр. Сондықтан осы бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, қауіпсіздікті жіті қадағалап отыру қажет. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс. Бұл тұрғыда аудан әкімдері, тиісті бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде рейд жүргізгені жөн. Осы арқылы келеңсіз жағдайлардың алдын ала аламыз. Сондай-ақ шаһардағы қорқор (кальян) сататын кафелерге де тиісті шара қолдану керек, – деген Бақытжан Әмірбекұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. и сотрудникам правоохранительных органов следует проводить регулярные рейды. Этим мы можем предотвратить негативные ситуации. Также необходимо принять соответствующие меры к владельцам кафе, в которых посетителям предлагается кальян, - сказал Бакытжан Амирбекулы и возложил конкретные поручения на специалистов, курирующих данные вопросы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/963993?lang=kk