БҚДА «MAGNUM» САУДА ЖЕЛІЛЕРІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ ҮШІН ЖАҒДАЙДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
15.04.2025 18:03:29 242Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік нарығындағы қатысушылар үшін ашық және әділ жағдайлар жасауға бағытталған «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен сыртқы монополияға қарсы комплаенс актісін жасасты. Комплаенс шеңберінде ұсынылған шаралар жеткізушілерге түсетін жүктемені азайтуға және азық-түлік бөлшек саудасында адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.
Маңызды қадамдардың бірі – азық-түлік жеткізушілеріне көрсетілетін сауда желісінің коммерциялық қызметтерін 34-тен 9 позицияға дейін қысқарту. Бұл шешім жеткізушілермен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жеңілдетеді және болашақта бөлшек саудадағы бағалардың төмендеуіне әсер етеді.
Сонымен қатар, «Magnum Cash&Carry» ЖШС барлық жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету міндеттемесін өз мойнына алды. Әсіресе, тауық жұмыртқасы өндірушілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания барлық санаттағы жұмыртқа жеткізушілерінен қызметтер үшін төлем алудан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бағаның тұрақсыздығы жағдайында аса маңызды. Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауы бойынша, жеткізушілерден алынатын сыйақыларды алып тастау жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетіп, бөлшек бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арзандатуға мүмкіндік береді.
Антимонополиялық комплаенс аясында «Magnum Cash&Carry» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған үлгілік жеткізу шартын әзірлеуге міндеттенеді. Бұл шартта, сондай-ақ, жеткізушілерге жеткізу шарттары бойынша төлемдерді уақытылы төлемегені үшін компаниядан өсімпұл өндіру мүмкіндігі қарастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/964075?lang=kk