Маңғыстау облыстық Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекициясының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу
15.04.2025 18:04:05 209
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының орындалысы талқыланды.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай Қазақстан Республикасы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының тармақтарымен таныстырып, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпарат берді.
Жиынға Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекициясының мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Өз кезегінде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тұжырымдамадағы маңызды бағыттар талқыланды.
Шара соңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жүйесі және жемқорлық фактілері туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарлауға болатыны айтылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/964315?lang=kk