Алматы полициясы сигналдық және бос қаруды тапсыруға шақырады
15.04.2025 18:05:01 1789Қару айналымына бақылауды күшейту аясында заңнамаға өзгертулер енгізілді.
«18 жасқа толған азаматтар соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы, психикалық сауықтыру орталықтарының мәліметтерін және азаматтық қарудың иелері мен пайдаланушыларын оқыту бағдарламасын аяқтағаны туралы анықтаманы көрсеткеннен кейін сигналдық және бос қаруды тек жеткізуші заңды тұлғалардан (бұдан әрі – қару дүкендерінен) рұқсатсыз сатып ала алады. ҚР ӘҚбК-нің 482 бабының талаптарына сәйкес сигналдық және бос қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және өткізу үшін жауапкершілік енгізілді. Осыған орай, азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қолдарында тіркелмеген барлық сигналдық және бос қаруларын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруы тиіс», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964643?lang=kk