ЖАҢА ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІ: ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ҚАДАМ

ЖАҢА ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІ: ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ҚАДАМ

15.04.2025 18:05:15 187

🔷 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Қарағанды облысының жергілікті атқарушы, өкілді органдарында және тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді.

🔷 Бұл жүйе үміткерлерді ашық және әділ іріктеуге мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметке лайықты мамандарды тартуды көздейді.

✅ Жаңа жүйенің артықшылықтары:
• Іріктеу кезеңдерінің толық ашықтығы мен әділдігі;
• Білімі мен қабілеті бар кез келген азаматқа тең мүмкіндік;
• Кандидаттардың кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттеріне ерекше назар аудару.

🔷 Бүгінде жаңа жүйе арқылы мемлекеттік қызметке қабылданған мамандар өз тәжірибелерімен бөлісуде. Олардың пікірлері – іріктеу үдерісінің тиімділігінің дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/964745?lang=kk