«Таза Қазақстан»: «Таза қала» акциясына 88 мың адам қатысты

«Таза Қазақстан»: «Таза қала» акциясына 88 мың адам қатысты

15.04.2025 18:05:35 231

Шара оңтүстік өңірлерде және Атырау облысында өткізілді.

Ауқымды акция аула, саябақ, сквер, көше және қоғамдық орындарды қоса алғанда, қалалық аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге  бағытталған. Өз қаласын қоқыстан тазарту мақсатында жергілікті тұрғындар, оқушылар, кәсіпорын мен ұйымдар өкілдері, студенттер бірікті.

Жұмыла істеген еңбек нәтижесінде 800 тоннадан астам қалдық жиналып, 23 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Іс-шараға 88 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде 2 мыңнан астамы еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, акция «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Айта кетейік, 27 наурыз күні тағы 3 акция басталды:

- «Таза кәсіп – таза аймақ» аясында оңтүстік және батыс өңірлердегі бизнес-субъектілердің аумақтарын жинау және көгалдандыру ұйымдастырылуда;

- «Қала үшін ағаш» акциясы аясында оңтүстік және батыс өңірлердің кәсіпорындары мен ұйымдары ортақ пайдаланылатын аумақтарға ағаштар отырғызса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Таза аймақ» акциясы басталды. Оның аясында барлық 14 ЕҚТА және оған іргелес елді мекендердің аумақтарында наурыз және сәуір айларының соңғы күндері тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шараларды сәтті орындау «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қоспақ – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартумен қатар, болашағына қамқорлық танытуға дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелейді.

Барлығыңызды акцияларға  белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/964830?lang=kk