Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың аудан жұртшылығын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың аудан жұртшылығын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

15.04.2025 18:05:54 231

Құрметті ағайын!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де, қадірлі Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы – сабыр мен сыйластықтың, мейірім мен кешірімнің, игілік пен ізгіліктің айы. Бұл айда мұсылман жамағаты рухани тазару жолына түсіп, қайырымдылық пен жақсылық жасауды басты орынға қояды.

Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, ол жан мен тәннің тазаруы, сабыр мен шүкіршілікке тәрбиелейтін үлкен сынақ әрі сауапқа толы мүмкіндік.

Ата-бабамыз Рамазан айында ынтымақ пен бірлікті ту етіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасауды парыз санаған. Бұл игі дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Қадірлі ағайын!

Осы айда жасаған әрбір ізгі амалдарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңызға құт-береке, мол ризық, мызғымас ынтымақ орнасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, келесі Рамазан айына есен-сау жетуді жазсын!

Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964883?lang=kk