«TAZALIKE» ЖОБАСЫ «Таза кәсіп – таза аймақ» акциясы өтті

«TAZALIKE» ЖОБАСЫ «Таза кәсіп – таза аймақ» акциясы өтті

15.04.2025 18:06:43 1519

Қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған «TazaLike» жобасын еліміздің әр аймағы қолдап, жұрт болып жұмыла кірісіп жатыр. Тұрғындардан бастап, іргелі кәсіпорын қызметкерлеріне дейін төңірегін көркейтіп, мекендерін көгалдандыру ісіне көңіл бөлінуде. Осы жоба аясында, бүгін Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан «Алель Агро» АҚ-ның құрама жем шығару зауытында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Таза кәсіп – таза аймақ» шарасы болып өтті.

Шараға аталған зауыттың қызметкерлері біркісідей атсалысып, кәсіпорынның айналасын күл-қоқыстан тазалады. Нәтижесінде, көлемі екі тоннаны құрайтын қоқыс шығарылды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/965093?lang=kk